Қазақ халқы Наурыз мейрамын өткен ғасырларда дабыралы өткізген.
Осы кезде оның дәстүрлі әдебиеті мен мәдениеті, әдет-ғұрпы, салт-санасы, өткен тарихы, бүгіні мен болашағы жас буын ұрпаққа үгіттеліп отырған.
Біз "Димаш" балабақшасының ұжымы Ұлыстың Ұлы күнін балаларымызды дәстүріміздің бір бөлшегімен таныстырып, осылай атап өтуді жөн санадық.
Бүлдіршіндеріміз ұлттық ойындар ойнап, би билеп, ұлттық тағамдарымыздан дәм татып мәз мейрам көңілмен атап өттік.
Әз Наурыз қош келдің! Жыл басы құтты болсын!
Кішкентай бүлдіршіндердің оркестрі
ҚЫЗ ҚУУ - ұлттық ат спорт ойыны. Бағзы заманда қызға үйленбек болған жігіт батылдығы мен күшін, ептілігін көрсететін түрлі сыннан өткізілген.
Аркан тарту.Димаш балабақшасының бүлдіршіндері
Асық ойыны — қазақ халқының дәстүрлі ойыны. Асық ойыны күндіз де, түнде де ойналады. Күндізгісі – мергендікке, түнгісі – ептілікке баулиды. Иіргенде түскен қалпына қарай асық – алшы, тәйке, бүк, шік деп, ал атуға арнап арнайы қорғасын құйылып жасалғаны – сақа, жақсылары – оңқы аталады.